Академик Зия Бүниятов – 100 жыл: Сан қырлы тұлға
«Академик Зия Буниятов және оның түркітануға қосқан үлесі» атты халықаралық іс-шара өтті
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, көрнекті түрколог, Әзербайжан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Кеңес одағының батыры, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер Зия Бүниятовтың 100 жылдық мерейтойын кең ауқымда атап өту Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтың қыркүйек айындағы Қаулысымен қарқын алғанболатын. Осыған орай бүгін, 15 желтоқсан күні Түркі Академиясы тұғырлы тұлғаның ғасырлық мерейтойына арналған «Академик Зия Буниятов және оның түркітануға қосқан үлесі» атты халықаралық іс-шара өткізді.
Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылғанбасқосуға Түркі Академиясының президенті Шаһин Мұстафаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ағалар Атамоғланов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма мүшесі – ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Жанна Құрманғалиева, сонымен қатар танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Алқалы жиын Зия Бүниятовты еске алуға арналған шағын бейнебаянмен басталды. Бұдан кейін алғашқы сөз кезегін алған Жанна Құрманғалиева осындай тұғырлы тұлғалар мен олардың артында қалған мол мұрасы бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсетін алтын арқау екеніне тоқталды.
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Түркі Академиясының басшысы Ш.Мұстафаев өз тағдырын ғылыммен ұштастыруына зор ықпал еткен ұстазы Зия Бүниятовтың сан қырлы тұлға екенін аттап өтті. Оның айтуынша, З.Бүниятов ең алдымен аса ірі ғалым, Әзербайжанда медиевистиканың (ортағасырлар тарихы) негізін қалаушылардың бірі, әрқайсысы алтын қор саналатын үш монографияның авторы. Бұған қоса ол әскери офицер, ержүрек батыр. Сонымен қатар, көрнекті қоғам қайраткері және әзербайжандық потриотизмінің жарқын көрінісі. «Мен бұл жерде оның бірнеше қасиетін ғана атап өттім. Әзілқойлығы, әдебиеттегі қызметі, ағаштан мүсіншелер жасайтын шеберлігі туралы да айтуға болады» деді ол.
Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, академик Дархан Қыдырәлі Зия Бүниятовтың майдан даласында ғана емес, түркі руханияын қорғауда да ерен ерліктер жасаған тұлға екенін айтты.
Елші Ағалар Атамоғланов З.Бүниятовтың соғыс жылдарындағы ерліктері туралы баяндап, соғыстан кейінгі жылдары да елінің дамуына өлшеусіз үлкес қосқанын, оны Әзербайжан халқының жапыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтың жоғары бағалағанын атап өтті.
Осыдан кейін қатысушылар З.Бүниятовтың 100 жылдық мерейтойы аясында арнайы әзірленген «Орталық Азиядағы көне түркі жазба ескерткіштері» (Orta Asya’daki Eski Türk Yazitlari) жинағының тұсаукесер рәсімін жасады. Түркі Академиясы мен Орталық Азия зерттеулері халықаралық институты бірлесе отырып әзірлеген аталған жинақта танымал түркологтардың жазба мұралар туралы таңдаулы мақалалары алғаш рет түрік тіліне тәржімеленіп топтастырылған. Сонымен қатар, кітапқа Зия Бүниятов туралы кеңінен мағұлмат беретін мақала мен оның өз қолымен жазған Автобиографиясы енгізілген.
Бұдан әрі отырыс Зия Бүниятовтың ғылыми мұрасына арналған баяндамаларға жалғасты. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының академигі, А.Бакиханов атындағы тарих институты Әзербайжанның орта ғасырлар тарихы бөлімінің меңгерушісі Наргиз Ахундова өз баяндамасында З.Бүниятовтың түркі халықтарының ортақ тарихы мәселелерін алғашқылардың бірі болып зерделеп, бұл бағытта да тыңнан түрен салған ғалым екенін айтты.
Ал академик Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Зия Бүниятов атындағы Шығыстану институты Араб елдері тарихы және экономикасы бөлімінің меңгерушісі Фарда Асадов оның бұрынғы Кеңес одағындағы құравмындағы мұсылман елдерінің ұлттық тарихнамасы қалыптастыруға қосқан өлшеусіз үлесіне тоқталды.
Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Ұлттық арехология орталығының бас ғылыми қызметкері, доктор, профессор Бахтиер Бабаджанов Академик З.Бүниятов зерттеулерінің негізгі арналарының бірі саналатын Харезм тарихыбойынша еңбектері туралы пайымды пікірлерін ортаға салды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Самал Төлеубаева Зия Бүниятовтың Кавказ бен Орталық Азияда ұлттық шығыстану мектептерінің қалыптасуындағы рөлі туралы баяндады.
Ғылыми баяндамаларды қортындылаған Зия Бүниятов атындағы Шығыстану институтының тағы бір өкілі Земфира Гурбанова Бүниятовтыңғибарты мол өмір жолына тоқтала келіп, теңдессіз тұлғаның қайғылы қазасы туралы баяндады.
Отырысты Л.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Жанна Құрманғалиева қортындылап, Әзербайжан мен Өзбекстаннан арнайы келген қатысушыларға ризашылығын білдірді.