Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Күлімхан Өскенбаева өмірден өтті

Күлімхан Өскенбаева  - желтоқсан оқиғасын басынан өткерген адамның бірі

Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Күлімхан Өскенбаева өмірден өтті
Ашық дереккөз
1208

37 жыл бұрын еліміздің тәуелсіздігі үшін алаңға атойлап шыққан өрімдей қыз-жігіттер арасында болған, желтоқсан қаһарманы Күлімхан Өскенбаева дүниеден озды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Желтоқсан қарлығашы желтоқсанның 37-ші таңын бүгін бақилық ғұмырмен қарсы алғанын естіп отырмыз. Желтоқсан көтерілісінің қаһарман қызы Күлімхан Өскенбаевадан (Усканбаева) да айырылып қалдық. 1986 жылы осы күндерде алған жарақаттың соңы 37 жылдан соң өзі әкелген Тәуелсіздік мерекесін, яғни, дәл бүгінгі таңды ажал оғымен қарсы алуға мәжбүрлейді деп кім ойлаған", деп жазды "Желтоқсан ақиқаты" патриоттық қозғалысының мүшесі Аманғазы Кәріпжан Facebook-тегі парақшасында.

Күлімхан Өскенбаева  - желтоқсан оқиғасын басынан өткерген адамның бірі, ІІ-топтағы мүгедек, "Желтоқсан ақиқаты" патриоттық қозғалысының белсенді мүшесі.

Серіктес жаңалықтары