Желтоқсан оқиғасына қатысқан павлодарлықтар 221 мың теңге алатын болды

Биыл олар 34 мың теңге алған

Желтоқсан оқиғасына қатысқан павлодарлықтар 221 мың теңге алатын болды
Ашық дереккөз
1577

2024 жылдан бастап Желтоқсан оқиғасына қатысқан павлодарлықтардың біржолғы төлемдері 6 есе өседі, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, өңірде 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысып, оңалтудан өткен 9 адам тұрады.

007-Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек бюджет бағдарлама аясында 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне оларға біржолғы әлеуметтік төлем қарастырылады. 

Биыл Павлодар облысында желтоқсаншылар 10 АЕК (34 500 теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) мөлшерінде төлем алған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша 2024 жылдан бастап облыс бойынша біржолғы төлем мөлшері 10 АЕК-тен 60 АЕК-ке дейін (221 520 теңге, 2024 жылы 1 АЕК 3 692 теңге болады) ұлғайтылды.  Осылайша, Желтоқсан оқиғасына қатысқандар келесі жылы мамырда 221 520 теңге көлемінде біржолғы төлемдер алатын болады.

Серіктес жаңалықтары