Аспандағы ауа райын бақылаушылар: Авиациялық синоптик деген кім?

Ауа райының қауіпті құбылыстарын болжау өте маңызды

Аспандағы ауа райын бақылаушылар: Авиациялық синоптик деген кім?
Ашық дереккөз
5115

Отандық БАҚ-тан «алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды», «бүгін 15 өңірде дауылды ескерту тіркелді» деген ақпараттарды оқыған боларсыз. Бұл болжамдарды арнайы синоптиктер жасайтынын да білесіз. Ал авиациялық синоптик деген мамандық туралы естуіңіз бар ма? Turkystan.kz тілшісі осы мамандықтың қыр-сыры туралы баяндап бермек.

Авиациялық синоптик дегеніміз – синоптикалық карталарды талдай отырып, оларға сараптамажасап, жалпы авиация үшін белгілі бір уақыт немесе кеңістік аралығында қауіпті болуы мүмкін ауа райына болжам жасаумен айналысатын маман.

Олар қандай құралдар қолданады?

Ауа райына болжам жасау үшін синоптик әртүрлі материалдарға жүгінеді. Олардың бірі – синоптикалық карталар. Мысалы, Қазақстанның әртүрлі жерлерінде метеорологиялық станциялар бар. Сол станцияларда бақылау жүргізіледі. Сол бақылаулардың нәтижесі авиациялық синоптикке келетін синоптикалық карталарға түсіріледі. Метеобақылаулардың нәтижесінде келетін мәліметтерде ауа температурасы, ауа қысымы, бұлттылық, желдің жылдамдығы, желдің бағыты, күтілетін ауа райы сияқты элементтер болады.

Жұмыс барысында, сонымен қатар топографиялық синоптикалық карталар да қолданылады. Бұл картада көбіне температура мен жел бағыты анық көрінеді.

Келесі құрал – спутник түсірілімдері. Яғни спутник арқылы жоғарыдан түсірілген фотосуреттер қолданылады. Оларда фронттың қай жерден жүріп жатқаны, қай аймақтан өтіп жатқаны және оның болашақ жүріп өтетін орны бұлттылық арқылы көрінеді. Себебі жоғарыдан спутник арқылы түсірілген суреттерде бұлттылық айқын көрініп тұрады. Одан бөлек спутниктік кескіндер бұлт жамылғысын, жауын-шашын үлгісін және жалпы ауа райы жүйесін бақылаудың құнды құралы саналады. Ауа райын болжау үшін авиация әдетте инфрақызыл және көрінетін спутниктік кескіндерді пайдаланады.

Ұшқыштардың ұшу кезіндегі есептері де синоптик үшін пайдалы құрал. Өйткені олар әртүрлі биіктіктердегі ауа райының нақты уақыттағы болжамын ұсынады. Ұшқыштар турбуленттілік, мұздану, бұлт қабаттары және ауа райына байланысты басқа құбылыстар туралы ақпарат алмасу үшін пилоттық есептерді жібереді.

Әуежайларда орналасқан автоматты метеостанциялар да ауа райының ағымдағы жағдайларын үнемі қадағалап, есеп береді. Бұл ақпарат әуежайлардың айналасындағы жағдайды бағалау үшін өте маңызды. Одан бөлек, ауа райы диаграммалары, беттік талдау диаграммалары сияқты әртүрлі диаграммалар метеорологиялық ахуалдың визуалды көрінісі саналады. Бұл диаграммалар синоптиктерге ауа райының ауқымды жағдайларын талдауға көмектеседі.

Яғни авиациялық синоптиктер авиатасымалдардың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін алынған деректерді біріктіріп, ұшқыштар мен әуе диспетчерлеріне нақты және уақытында ақпарат береді.

Авиациялық синоптиктердің басты міндеті қандай?

Авиациялық синоптиктің негізгі міндеті – қауіпсіз және тиімді авиациялық операцияларды қолдау үшін арнайы жасалған ауа райы туралы нақты және уақытында ақпарат беру. Бұл әртүрлі метеорологиялық деректерді талдауды және авиацияға әсер етуі мүмкін ағымдағы және болашақ ауа райы жағдайларын болжауды қамтиды. Соның ішінде ұшқыштар мен әуе диспетчерлеріне ұшуды жоспарлауға көмектесу, әуежайларға ауа райы туралы толық ақпарат беру және әуежайларға арналған терминал әуеайлағының болжамдарын жасау міндеттері қарастырылған.

Олардың қарапайым синоптиктен айырмашылығы бар ма?

Авиациялық синоптиктер де, жалпы синоптиктер де атмосфералық жағдайларды болжауды көздесе де, авиацияға қатысты қауіпсіздік мәселелеріне байланысты олардың бағытында, дайындығы мен міндеттерінде айырмашылықтар бар. Негізгі айырмашылық – авиациялық аспектілерге, қауіпсіздік мәселелеріне және әуе сапарлары кезінде атмосфераның динамикалық сипатына байланысты туындайтын мәселелерге мамандану және назар аудару.

Одан бөлек авиациялық болжамдардың күнделікті ауа райы болжамдарынан айырмашылығы – авиациялық ауа райы болжамдары код түрінде жазылады және ағылшын тілінде түсіріледі. Мысалы, бір қаланың әуежайына әр 6 сағат сайын жаңадан ауа райының болжамы жіберіліп тұрады. Ол TAF деп аталады. 6 сағат сайын жіберілген ауа райының болжамдары халықаралық банкке түседі, яғни бір орталыққа жиналады. Әр қаладағы филиалдар сол банкке сұрау жіберіп, басқа қалажіберген ауа райын көре алады.

Сонымен қатар, әуежайға түрлі ескертулер айтылып отырады. Ол қауіпті құбылыстар болады деп болжанғанына байланысты. Мысалы, жаз немесе көктемде найзағай күтілуі мүмкін, күз және қыста ұзақ жауатын қарға немесе температураның күрт төмендеп кетуі тіркелген кезде, ескерту жасалады. Сондай-ақ жергілікті жердің ерекшелігіне байланысты жергілікті желдің жылдамдығы 15 м/с-тан жоғары болған кезде әуеайлақ қызметіне ескерту жіберіледі. Ол ескертулердің дәл уақытта жіберілгені асамаңызды. Себебі әуеайлақта ұшу-қону жолағы болады. Қар қалың жауған кезде немесе жаңбыр жауған кезде ұшу-қону жолағы қатып қалуы мүмкін. Ескертулер ертерек берілсе, әуеайлақтыққызметтер жолды тазалап, ұшақтардың немесе тікұшақтардың қонуына қолайлы жағдай жасайды.

Қорытындылай келе, авиациялық синоптиктер де қарапайым синоптиктер секілді күнделікті өмірде елеулі қызмет атқарады. Өйткені ауа райының қауіпті құбылыстарын болжау өте маңызды. Бұл командирдің қосалқы әуеайлаққакетіп қалуынан, сонымен қатар жолаушылардың уақытын үнемдеуде және авиакомпанияның үлкен шығынға ұшырауының алдын алуынан сақтайды.

Серіктес жаңалықтары