1369
Жамбыл облысында бір отар қой мұз құрсауында қалды
Каналға бораннан ығып барған 300 бас мал судан шыға алмаған
Жамбыл облысының Шу ауданында бір отар қой қырылып қалды. Бұл туралы видеоларды журналист Гүлмира Әбіқай Facebook-тегі парақшасына жариялады.
Боранды күні ық іздеп, ауыл шетіндегі каналға түскен 300 бас ұсақ мал судан шыға алмай, қатып қалды. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген ауыл жұртына бұл – үлкен уайым. Қазір айнала қарлы боран, енді мұнда қасқыр үйірілетіні анық. Ертең күн жылыса, өлген мал сасиды, - деп жазды ол.