Анамды табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын – Бельгия тұрғыны асырап алған Мұрат Савельев

Арқалықта дүниеге келіп, кейін бельгиялық әйел асырап алған 21 жастағы Мұрат Савельев Қазақстанда біраз уақыт болатынын айтты.

Анамды табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын – Бельгия тұрғыны асырап алған Мұрат Савельев
1036

Бельгия тұрғыны асырап алған 21 жастағы Мұрат Савельев бір апта бұрын Қазақстанға келіп, туған анасына іздеу жариялаған болатын. Апта соңында туған жері Арқалықтағы балалар үйіне барған ол анасын таппайынша тыншымайтынын айтқан еді. Алайда, ол жақтан ешқандай дерек таба алмаған ол кеше Арқалықтан Алматыға жол тартты. Әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Қазақстанда біраз уақыт болатынын, анасын табу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайтынын айтып, ағынан жарылды.

«Сәлем, Қазақстан халқы. Мен үшін нені білдіретініңді түсінбейсің деп ойлаймын. Сен үшін қаншама көз жасымды төккенімді түсінбейсің деп ойлаймын, өйткені мен бақыттымын. Сізбен танысқаныма қуаныштымын. Мен анамды осы іздегеннен кейін таба алмаймын (бұл ой мені қатты қынжылтады), бірақ бәрібір сені кездестірдім. Біз бір-бірімізге көмектесеміз. Қазақстан мен оның халқы - мен үшін соңғы жылдары болған ең әдемі нәрсе. Қазақстандықтардың барлығына рақмет. Саған арналады. Білесіз бе, мен Қазақстанда біраз уақыт боламын және анамды табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын», – делінген жазбада.

Серіктес жаңалықтары