Елорданың жаңа жылдық келбеті

Бес аудан аумағында барлығы 60-қа жуық мұз айдыны мен сырғанақтар жаңа жылдық безендіруге сән қо­са түскендей.

Елорданың жаңа жылдық келбеті
сурет: Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі
853

Қыс басталғалы елорда ерекше әдемі. Қаланың әр ауданынан мұз айдындары, сырғанақтар, шағын архитектуралық фигуралар, фо­тоай­мақтар салынып жатыр. Бес аудан аумағында барлығы 60-қа жуық мұз айдыны мен сырғанақтар жаңа жылдық безендіруге сән қо­са түскендей.

Әдетте, жыл сайын бұл жұмыстар 23-25 желтоқсанға дейін аяқталады.
Бүгінде жұмыстың бір бөлігі аяқ­тал­ды. Мысалы, «Жастар» сарайының ал­дын­дағы алаңда және ЭКСПО қала­шы­ғында салынған мұз айдынында, сыр­ғанақтарда серуендеуге болады.
Сонымен қатар осы демалыс күн­дері елорданың орталық саябағында ұзын­дығы 290 метр болатын алғашқы же­лілік мұз айдыны ашылады. Ол ар­найы концерттік бағдарлама арқылы 23 желтоқсан күні сағат 18:00-де ашы­лады.
Сарыарқа ауданында Бөгенбай ба­тыр даңғылы 43, Бейбітшілік көшесі бойын­дағы қалалық алаңда, «Көктал» сая­бағында қысқы ойын-сауық ұйым­дас­тырылады.
Алматы ауданында мына орындар бел­гіленді: «Қазақ Елі» монументінің жа­нындағы алаң, ІІМ жанындағы Тәуел­сіздік және Қажымұқан көше­ле­рі­нің қиылысында, «Құмыра» мекеме­сі­нің тұрағында, Абылай хан және Қоб­да көшелерінің қиылысында, Оқу­шы­лар сарайының жанында.
Сонымен қатар Нұра ауданындағы қыс­қы демалыс алаңдары Ailand отба­сы­лық демалыс орталығы, Keruensity СОО, «Хан Шатыр», Asia Park, сондай-ақ елордалық саябаққа және Үркер тұрғын алабына кіреберісте ашылады.
Жақын арада Байқоңыр ауданының тұр­ғындары «Ататүрік» саябағында, «Жас­тар» сарайында, Жазушылар аллея­с­ында, Қазқалашық, Кирпичный, Өн­ді­ріс, Қоянды елді мекендерінде мұз тө­бе­шіктерінде сырғанай алады.
Есіл ауданында ЭКСПО аумағында, Ботаникалық бақта және «Керуен» СОО маңында тағы үш орын белгіленді.

Серіктес жаңалықтары