Елімізде баспана бағасы арзандауы мүмкін

Жыл басынан 100 мыңнан астам пәтер сатылымға шықты.

Елімізде баспана бағасы арзандауы мүмкін
Фото: dauletten.kz
1466

Биыл елде пайдалануға берілген баспана саны күрт көбейген, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, жыл басынан 100 мыңнан астам пәтер сатылымға шықты. Бұл – 2019 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш.

Сарапшылардың айтуынша, ұсыныстың артуы шаршы метр бағасының арзандауына әсер етуі мүмкін. Өйткені тұрғын үйлер көптеп салынып жатқанымен, жөнді бағдарламаның жоқтығынан сауда көлемі азайған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылдың өзінде қолданыста болған үйлердің бағасы 5,5 пайызға арзандаған.

 

 

Серіктес жаңалықтары