БҰҰ Абай облысына қатысты арнайы қарар қабылдады

Құжатта әлем елдерінің аймақтағы ахуалдан хабардар болып отыруына мән беру керектігі жазылған

БҰҰ Абай облысына қатысты арнайы қарар қабылдады
Ашық дереккөз
1052

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясында бұрынғы Семей өңірі, қазіргі Абай облысын оңалту туралы қарар қабылданды, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Бұл халықаралық ұйымның 1997 жылдан бері осы аймақ халқына қолдау көрсету мен қоршаған ортаны қалпына келтіруге арналған 11-резолюциясы. Ұйым халықаралық қауымдастықты осы мақсаттағы арнайы бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруда Қазақстанға көмек беруге шақырады. Өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге үндейді. Құжатта әлем елдерінің аймақтағы ахуалдан хабардар болып отыруына мән беру керектігі жазылған. 

Қарарды Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 85 ел бірлесіп әзірледі. Бұл халықаралық қауымдастықтың ядролық сынақтардан жапа шеккен бұрынғы Семей өңірі халқының, әсіресе ондағы балалар мен басқа да осал топтардың денсаулығы үшін алаңдайтынын көрсетеді. Құжатта Қазақстан Үкіметінің аймақты қалпына келтірудегі маңызды ролі айтылып, әлем елдерін осы бағытта қолға алынып жатқан іс-шараларға атсалысуға шақырады, - деді ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Бауыржан Керімқұлов.

Серіктес жаңалықтары