Елімізде шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 11,3% өсті

97,5 мың тонна шоколад және шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнім өндірілді.

Елімізде шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 11,3% өсті
pexels.com
870

Қазақстанда шоколад және кондитерлік өнімдер өндірісі 11,3% өсті, деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2023 жылдың қаңтар-қараша айларында заттай түрде 97,5 мың тонна шоколад және шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнім өндірілді. 2022 жылдың тиісті кезеңінде аталған өнімнің өндіріс көлемі 9,9 мың тоннаға аз болған.
 

«Өткен жылдың 11 айында барлығы 87,6 мың тонна шоколад және кондитерлік өнім өндірілген. Осылайша өндіріс өткен жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 11,3% өсті», – делінген хабарламада.
 

Айта кетейік, импортталатын шоколад өнімдерінің үлес салмағы биылғы 10 айда 52,8% құрады.

10 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта 155,9 мың тонна шоколад пен кондитер өнімі сатылды. Бұл ретте экспортқа 30 мың тонна тәтті өнім жөнелтілді.

Серіктес жаңалықтары