Мұса Марат «Qazaqstan дауысы» жобасының жеңімпазы атанды

«Qazaqstan дауысы» мегажобасының жеңімпазы анықталды

Мұса Марат «Qazaqstan дауысы» жобасының жеңімпазы атанды
Ашық дереккөз
3546

Супер финалға жолдама алған Мұса Марат «Qazaqstan дауысы» мегажобасының жеңімпазы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қарақалпақстанда туып-өскен қандасымыз жобада бүгінгі күнге дейін көпшіліктің ықыласына бөленіп, ылғи жоғары дауыс жинап, келесі кезеңдерге өтіп отырды.

Мұса Марат жобаға Өзбекстан Республикасының Нөкіс қаласынан келген. 21 жастағы қатысушы Қуандық Рахымның тобында өнер көрсетті. 

Қазақ тілі – анам­ның тілі. Ес білгелі қазақ тілін естіп келемін. Сондықтан қарақалпақ, өзбек тілінен бө­лек, жүрген жерімде қазақша көп сөйлеуге ты­рысамын. Әлеуметтік желіде де қазақша көп жазамын. Жалпы қазақ екенімді мақ­тан тұтамын. Шынымен де қайда барсам да, қазақ екенімді білдіріп жүргім келеді, - деген екен қандасымыз берген сұхбаттарының бірінде.

Сондай-ақ «Шетелдік жоба болғандықтан, биыл ересектер арасындағы маусымды бас­тау үшін лицензия күтіп отыр-ау дей­мін. Биыл барлығы реттеліп, өткізілетін бол­са, «Қазақстан дауысы» жобасында бағымды сынап көргім ке­леді» деген ол бүгінде жоба жеңімпазы атанып отыр.

Айта кетейік, жобаға биыл 3500-ге жуық үміткер қатысқан.

Серіктес жаңалықтары