Қазақстанда ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемі өсті

Республикалық бюджеттің басым бөлігі мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді толық орындауға және өңірлерді дамытуға бағытталған

Қазақстанда ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемі өсті
Ашық дереккөз
1581

Қазақстанда жаңа 2024 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі жалақы және басқа да есептік көрсеткіштер өсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы Заңымен 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет бекітілді, оған сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;

Айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;

Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн күнкөрiс минимумы – 43 407 теңге.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 5 желтоқсанда «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Республикалық бюджеттің басым бөлігі мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді толық орындауға және өңірлерді дамытуға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары