"Әл-Қаида" ұйым жетекшісі орынбасарының қазасын растады

"Әл-Қаида" ұйым жетекшісі орынбасарының қазасын растады

"Әл-Қаида" ұйым жетекшісі орынбасарының қазасын растады
ашық дереккөзі
326
"Әл-Қаида" террористік ұйымы Ахмед Хасан Әбу әл-Хайр әл-Масридің қайтыс болғанын бейсенбі күні растады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Бір күн бұрын АҚШ барлау қызметінің шенеунігі 26 ақпандағы әуе соққысы нәтижесінде сириялық Идлиб қаласынан көлікпен келе жатқан әл-Масри өлтірілгенін хабарлады. Пентагон Сирияның солтүстік-батысында әуе соққысы жасалғанын растады, бірақ шабуыл мақсатын атаған жоқ. Қаңтар айында Пентагон "Әл-Қаиданың" екі жетекшісі – Мохаммад Хабиб Буссадун әл-Туниси мен Абд әл-Джалиль Әл-Мүслими әуе соққыларымен өлтірілгенін хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары