Үкіметте ішкі нарыққа мұнай мен газ жеткізу тұрақтылығын қамтамасыз ету талқыланды

Мұнайды магистральдық құбырлар арқылы ішкі нарыққа тұрақты түрде және апатсыз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Үкіметте ішкі нарыққа мұнай мен газ жеткізу тұрақтылығын қамтамасыз ету талқыланды
gov.kz
924

Үкіметте ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Энергетикалық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қатысушылар жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құру аясында  жаңа инвестициялық жобаларды газбен жабдықтау, ішкі нарыққа тұрақты түрде газ жеткізу, сондай-ақ тиісті энергетикалық инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар мұнайды магистральдық құбырлар арқылы ішкі нарыққа тұрақты түрде және апатсыз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдарға жұмыс бабындағы бірқатар тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары