23 жастағы қазақстандық футболшы ресейлік клуб сапына ауыспақ

Бексұлтан биылғы маусымда 23 ойын өткізген.

23 жастағы қазақстандық футболшы ресейлік клуб сапына ауыспақ
"Ордабасы" ФК/kazfootball.kz
1709

Қазақстандық футболшы Бексұлтан Шәмші волгоградтық «Ротор» клубына ауысады, деп хабарлайды turkystan.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

23 жастағы Бексұлтан биылғы маусымда «Оқжетпес» құрамында қорғаныста да, жартылай қорғау шебінде де ойнаған болатын. Ол кезде «Оқжетпесті» ресейлік маман Сергей Попков жаттықтыратын. Қазір Сергей «Ротор» клубын тізгіндеген соң, қазақстандық жас ойыншыны Ресей чемпионатында доп тебуге шақырған. «Ротор» командасы осы маусымда бірінші дивизионға шықпақшы.

Бексұлтан биылғы маусымда 23 ойын өткізген. Сонымен қатар, ол «Ордабасының» екінші командасында, «Оңтүстік», «Арыс» командаларында ойнаған.

Серіктес жаңалықтары