14019
Анасын іздеген бельгиялық Жәнібекке қатысты жаңа дерек шықты
21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген
"Бармысың, бауырым?" хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан тағы бір болжамды ана анализ тапсырғанын мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
"Мына ақпаратқа назар аударыңыздар, құрметті келіншектер, ер-азаматтар. Егер сіз, 2001-2003 жылдары Арқалық қаласының перзентханасында босанып, қолхат жазып, баладан бас тартып немесе қашып кеткен болсаңыз, анонимді түрде анализ тапсыра аласыздар. Бүгін анализ тапсырған болжамды ана – Мақпал", – деп жазды журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде.
21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.