АҚШ-та өткен турнирде қазақстандық конькишілер күміс жүлдегер атанды

АҚШ-тың Юта штатында (Солт-Лейк-Сити) конькимен жүгіруден 4 құрлық чемпионаты өтті

АҚШ-та өткен турнирде қазақстандық конькишілер күміс жүлдегер атанды
olympic.kz
1412

Командалық спринтте Қазақстанның ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады turkystan.kz туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы сапында Алтай Жәрдембекұлы, Евгений Кошкин, Никита Важенин мен Артур Галиев (резервте) өнер көрсетті. 

Бірінші орынды Канада құрамасы иеленсе, үздік үштікті Оңтүстік Корея конькишілері түйіндеді.

Серіктес жаңалықтары