Еліміздегі ең жоғары зейнетақы мөлшері белгілі болды

2023 жылы БЖЗҚ салымшыларына 591,3 миллиард теңге төлеген.

Еліміздегі ең жоғары зейнетақы мөлшері белгілі болды
ortcom.kz
869

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. 

Tengrinews.kz сайтының жазуынша, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) - 284 миллиард теңге болса, жасына байланысты төлемдер – 150,6 миллиард теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 54 миллиард теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 52,6 миллиард теңге, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер - 39,8 миллиард теңге, жерлеуге берілетін төлемдер - 7,5 миллиард теңге және мүгедектік бойынша төлемдер - 2,8 миллиард теңге.

«Атап кету керек, зейнет жасына толуға байланысты БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы - 32 202 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 742 692 теңге. Еске салайық, былтырғы сәйкес кезеңіндегі БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы - 29 973 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары