Turkistan газеті – түрік идеясының түпқазығы болып отырған ба­сылым – Мереке Құлкенов

Ұлы қайраткер Мұстафа Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идея­сының атын өшірмей, бүгінге дейін жеткізді.

Turkistan газеті – түрік идеясының түпқазығы болып отырған ба­сылым – Мереке Құлкенов
ашық дереккөз
805

Қал-ағаң – жазушы, драматург Қалтай Мұхамет­жа­нов «Túrkistan» басылымын сонау 1994 жылы бір­ден ха­лықаралық газет етіп ашты. Ол кісі нарық заманы кел­ген ең қиын кезеңдерде, қаржының ең бір тапшы уа­ғында осы басылымды шығарып отырды. Сол кез­дегі редакция қызметкерлері айлап жалақы алмаса да, газетті үлкен энтузиазммен шы­ғарды. Өйткені бұл қазақ тілі үшін жүргізілген күрес еді. Тәуелсіз ел­дің мүддесі үшін ашылған майдан еді. Осының бәрі­нің басшылығында Қалекең тұрды. Ол кісі негізін қа­лаған «Túrkistan» газеті қазақ баспа­сө­зін­дегі іргелі ба­сылымның біріне айналды. Шынында да, газет өзі­нің алғашқы жылдардан бастап, күні бүгінге дейін мем­лекеттің қалыптасуы мен қазақ ру­ханиятының кү­шейуі жолында қажырлы еңбек етіп келеді. Бас­пасөз бетінде күрмеуі қиын қаншама проблема жа­зыл­ды, ел тізгінін ұстаған азаматтармен бірге қаншама қоғамдық мәселе талқыланды. Turkistan газеті – түрік идеясының түпқазығы болып отырған ба­сылым. Ұлы қайраткер Мұстафа Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идея­сының атын өшірмей, бүгінге дейін жеткізді. Биыл Turkistan-ның жарық көргеніне 30 жыл толып отыр. Қазақстан Жазушылары одағы аты­нан басы­лым­ды осынау мерейтойымен құттық­тай отырып, «Túrkistan» газетінің ұжымы мен қалың оқырман­дары­на тек шығармашылық шабыт пен телегей табыс тілеймін! 

М.Құлкенов, 
Қазақстан Жазушылар одағының 
Басқарма төрағасы 
 

Серіктес жаңалықтары