931
Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 408 техника және 519 жолшы жұмылдырылды
Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.
Жетісу облысында – 1 учаске:
1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, уч. Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км.
(бұрқасын, шектеулі көрініс).
Қарағанды облысында – 1 учаске:
1. «Екатеринбург - Алматы» 1505-1610 км, Новостройка к. -Ақсу-Аюлы к. – 105 км.
(қар, бұрқасын, шектеулі көрініс).
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 408 техника және 519 жолшы жұмылдырылды.