Алматыда 222 учаске мектеп, емхана және саябақ құрылысы үшін сатып алынды

Қазіргі кезде Алматы қаласының жер көлемі 68,3 мың га.

Алматыда 222 учаске мектеп, емхана және саябақ құрылысы үшін сатып алынды
Алматы әкімдігі
926

Қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы былтыр 222 жер телімін сатып алды, деп хабарлады turkystan.kz қада әкімдігіне сілтеме жасап.

Мәселен, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық; Бостандық ауданында жайлы мектеп салу Әуезов ауданы Қуаныш шағын ауданындағы №18 емхана; Абай-Тұрғыт Өзал даңғылын абаттандыру және көгалдандыру; Бостандық ауданындағы «Молодежный» саябағын салу; Алатау ауданы Мұхитдинов көшесіндегі балабақша; Түрксіб ауданы Әлмерек шағын ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша және т.б. жобалар бойынша сатып алу аяқталды.

2023 жылы қалада жер комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, 2818 өтініш қаралды. Алматы қаласы әкімдігінің 1478 жеке тұлғаға және 2448 заңды тұлғаға қатысты 516 оң қаулысы қабылданды. Қазіргі кезде Алматы қаласының жер көлемі 68,3 мың га.

Серіктес жаңалықтары