5 ақпанда магнит дауылы болады

Магнит дауылдарының күші бес балдық шкала бойынша бағаланады

5 ақпанда магнит дауылы болады
unsplash
999

Астрономдар 5 ақпанда G1 магнит дауылы болады деп хабарлады, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасының сайтында ұсынылған кестеге сәйкес, 5 ақпаннан кейін ұзақ тыныштық болып, 26 ақпанда шамалы ауытқулар болжанған.

Магнит дауылдарының күші бес балдық шкала бойынша бағаланады. G1 дауылы әлсіз болып саналады. Дегенмен ауа райына тәуелді адамдар мұны сезінеді.

Созылмалы аурулары бар адамдардың жалпы денсаулығы нашарлауы мүмкін. Оларға өз денесін мұқият тыңдауға және қажет болған жағдайда тиісті көмек алуға кеңес беріледі.

Бұрын 18 және 19 ақпанда магнитті дауыл болады деп болжанса, қазір болжам өзгерді. Сарапшылар күн белсенділігін алдын ала болжау қиын болуы мүмкін дейді.

Серіктес жаңалықтары