19 жастағы курсант жоғары қабаттан секіріп, қайтыс болды

Қайғылы оқиғаға қатысты полиция тергеуді бастады.

19 жастағы курсант жоғары қабаттан секіріп, қайтыс болды
скриншот
1178

19 жастағы Ақтөбедегі авиация училищесінің курсанты Асылжан Абдуллаев пәтер жалдап, жетінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлады turkystan.kz Информбюроға сілтеме жасап.

Қысқы демалысқа үйіне барған бозбаланы әкесі Алматыға жол жүру үшін таксиге мінгізіп жібергенін айтты. Оның Талдықорғанда суицид жасағанын естігенде төбелерінен жай түскендей күй кешкен. Марқұмның ата-анасы баласын өлімге бәзбіреулер итермелеуі мүмкін дейді.

«Өзінің өмірін қимайды ғой енді. Таксиден түсе сала 3 сағатқа пәтер жалдаған. Кінәлі адам бар. Сол адам табылса деймін», – деді марқұмның әкесі Асхат Мыңжасаров.

Көз жұмған курсанттың анасы ұлының мінезі жақсы болғанын айтты.

«Кішкентайынан тәп-тәтті, ерекше бала болды. Өзіме қатты жақын болды. Әкесі де, мен де ерекше жақсы көрдім. Мінезі өте жақсы. Сыныбымен де, өз ортасымен де жақсы араласты. Жайнап тұрған бала еді. Үйден шыққанда да көңіл-күйі жақсы болды», – деді Анаргүл Мыңжасарова.

Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу бастаған полиция жас жігіттің мұндай сұмдық қадамға не үшін барғанын анықтауға кірісті.

«Полицейлер өзін-өзі өлтіруге жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді Жетісу облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

 

Серіктес жаңалықтары