Жамбыл облысында әлеуметтік нан 20 теңгеге қымбаттады
Кәсіпорындар 600-ге жуық жұмысшының жалақысын көтермекші.
Жамбыл облысында әлеуметтік нан 20 теңгеге қымбаттады. Бұған дейін дүкен сөрелерінде 100 теңгеден сатылса, енді 120 теңгеден саудаланады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұған бірнеше себеп бар. Негізгісі - наубайханаларға әкімдік тарапынан беріліп келген дотациялық ұнның ақпан айынан бастап тоқтауы.
Qazaqstan арнасының дерегінше, оның үстіне, нан шығаратын нысандардың әбден тозығы жеткен. Құрылғыларын жаңартып, құрылыс жұмыстарын жүргізбек. Сондай-ақ кәсіпорындар 600-ге жуық жұмысшының жалақысын көтермекші. Айта кетейік, былтыр қарашада нан 120 теңгеге қымбаттап, артынша қайта 20 теңгеге түскен болатын.
«Егер де ұнның бағасы төмендеген жағдайда заң аясында монополия және сауда заңы аясында нарықта да нан бағасы төмендейтін болады. Сондықтан біз ерікті бағаны бүгінгі күнде көріп отырмыз», – деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев.