Қазақстандықтар қай елге жиі ақша аударады?
Шетелге жөнелтілген қаржы көлемі шетелден түскен қаржы көлемінен 3,1 есе артық болды.
2023 жылы қазақстандықтар халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы 961,4 млрд теңге жіберді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ranking.kz сайтының мәліметінше, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7,3% аз. Бұған дейін екі жыл қатарынан шетелге жөнелтілген ақша аударымдарының көлемі 1 трлн теңгеден асты.
Шетелге жөнелтілген қаржы көлемі шетелден түскен қаржы көлемінен 3,1 есе артық болды.
Қазақстаннан ақша аударымдары жіберілген елдердің ішінде Өзбекстан 2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында көшбасшы болды: 264 млрд теңге, дегенмен бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9% аз.
«Одан кейін Ресей, оған 241,4 млрд теңге жіберілді, бұл бір бұрынғымен салыстырғанда 23,2% көп. Сондай-ақ айтарлықтай көлем Түркияға (222 млрд теңге — 2022 жылдың қаңтар–желтоқсанына қарағанда 18,3% аз) және Грузияға (91,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім — 29,4%) тиесілі», – делінген хабарламада.
Шетелден түскен ақша аударымдарының көлемі бойынша Ресей көш бастады. Одан Қазақстанға 108,1 млрд теңге жіберілді, бұл 2022 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 3,3 есе аз.
«Одан кейін үлкен айырмашылықпен АҚШ (33,6 млрд теңге), Өзбекстан (33,6 млрд теңге) және Оңтүстік Корея (32,7 млрд теңге) тұр», – делінген хабарламада.