Мәжілісте маска режимі енгізілді

Мәжілістегі іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады

Мәжілісте маска режимі енгізілді
Ашық дереккөз
871

ҚР Парламенті Мәжілісі ғимаратында эпидемиологиялық жағдайға байланысты бетперде тағу режимін енгізіп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

«Президент ісі басқармасы медицина орталығының бас санитарлық дәрігері А. Темірғалиеваның 6.02.2024 ж. қаулысына сәйкес Парламент Мәжілісі ғимаратының аумағында коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 7 ақпаннан бастап міндетті маска тағу режимі енгізілді. Сонымен қатар індеттің алдын алу шаралары жүріп жатыр. Мәжілістегі іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе маска режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі,- деп хабарлады ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары