Түркістан облысында газ жарылып, 2 адам зардап шекті

Оқиға Төле би ауданына қарасты Ленгер қаласында болды.

Түркістан облысында газ жарылып, 2 адам зардап шекті
Скриншот
803

Қысқа толқынды пеш қосылғанда газ жарылған, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оқиға Төле би ауданына қарасты Ленгер қаласында болды. Азық-түлік дүкенінде газ жарылып, салдарынан ғимараттың қабырғалары құлаған.

Сондай-ақ, екі адамның беті күйіп қалды. 

«59 жастағы адамның бетін 10-12 пайызға күйік шалған, ал 6 жастағы баланың беті 6-7 пайызға күйген. Қос тұрғын Леңгір қалалық ауруханасына жеткізілді», - делінген Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта. 

Ал, әлеуметтік желіде тараған видеодан қабырғалары құлап жатқан дүкенді көруге болады.

Видео авторы қысқа толқынды пеш қосылған кезде жарылыс болғанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары