Абай облысында Моңғолияның 13 азаматы құтқарылды

Олардың барлығы Өскемен қаласына бара жатқанда, боранда қалып қойған.

Абай облысында Моңғолияның 13 азаматы құтқарылды
Абай облысы ТЖД
988

Абай облысында боранда қалып қойған 13 моңғолиялық азаматты эвакуацияланды, деп хабарлады turkystan.kz Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі сілтеме жасап.

14 ақпан күні сағат 17.10-да өрт сөндіру бөлімінің 101 пультіне аудандық полиция бөлімінен Қалбатау ауылынан шығарберісте спортшылар отырған шағын автобус тоқтап қалғаны және 13 адамға, оның ішінде 11 балаға жылыту пунктіне автокөлікті алып жүру үшін құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы хабарлама келіп түскен.

Олардың барлығы Өскемен қаласына бара жатқан Моңғолия Республикасының азаматтары.

Оқиға орнына келгеннен кейін Жарма ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Қайрат Тлеугазин және бас маман Дидар Зейнолдин спортшыларды Жаңа Өзен елді мекеніне дейін ертіп, балалар лагеріндегі жылыту пунктіне орналастырды. Медициналық көмек қажет болмады, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары