Атырау облысында үш қой ұрлаған тұрғын сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Атырау облысында үш қой ұрлаған тұрғын сотталды
CaspianLife. қой
1230

Үш қой ұрлаған Атырау облысының тұрғыны сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

AtyrauPress сайтының дерегінше, бұл туралы Жылыой аудандық соты мәлім етті.

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында мал ұрлағаны үшін айыпталған Л.К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 188-1 бабының 3-бөлігінің 2-тармағы).

«2023 жылдың желтоқсан айында Л.К. көршісінің үйіндегі мал қорадан 3 бас қойды ұрлап, Құлсары қаласындағы азық-түлік дүкенінің біріне барып, азамат Е.Р.-ға қойларды арзан бағаға сатқан», – делінген хабарламада.

ҚК-тің 188-1 бабының 3-бөлігінің 2-тармағының санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Сот үкімімен Л.К. кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары