АҚШ басқа елдерге қаржылай көмегін қысқартады

АҚШ басқа елдерге қаржылай көмегін қысқартады

АҚШ басқа елдерге қаржылай көмегін қысқартады
ашық дереккөзі
214
АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі басқа елдерге қаржылай көмегін қысқартады. Үнемделген қаражат Қорғаныс министрлігінің қажеттілігіне аударылады.
Бюджет қысқартуларына қатысты толық мәлімет 16 наурызда белгілі болады, деп хабарлады Ақ үйдің бюджет басқармасының директоры Мик Малвэни. Пентагон бюджеті 600 миллиард доллардан асады. Ақ үй әкімшілігі Конгрестен әскерге қосымша 50 миллиард доллар бқлуге рұқсат сұрап отыр. Ақпан айында АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық әскерді елеулі түрде жаңартқысы келетінін мәлімдеді. Ол Құрама Штаттар тарихындағы ең қуатты әскер құруды көздеп отыр. АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) – Мемлекеттік департаменттің басқа елдерге қаржылай көмек көрсету жөніндегі бөлімі - жыл сайын 50 миллиард доллардан астам қаражат жұмсайды.

Серіктес жаңалықтары