Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы 1,2 процентке өскен

Баға өзгерісі туралы көрсеткіш апта сайын жаңарып отырады

Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы 1,2 процентке өскен
Ашық дереккөз
1187

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалды, жылдық мәнде 1,2% өсті, деп хабарлады turkystan.kz ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 өнім кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіш апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады. 

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кей тауарлардың орташа бағасы:

Сиыр еті — 2523 тг/кг 
Айран 2,5% — 416 тг/л
Сәбіз — 170 тг/кг

Серіктес жаңалықтары