Ерке Есмахан бет-әлпетіне ота жасатты дегендерге жауап берді
Өнер иесінің сөзінше, бетіне ештеңе жасатпаған. Ол өзінің бетіне қатты күтім жасайтынын айтты.
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан өзіне бетіне пластикалық ота жасатты деген тыңдарманы мен оқырмандарына жауап берді.
Әншіден оқырманның бірі «Сіз бетіңізге неше рет пластикалық ота жасаттыңыз?» деп сұрады.
«Ерке бетіне пластикалық ота жасатқан, үйткен-бүйткен деп жазып, өздерінің ішіндегі комплекстерін жұбататын әйел, қыз көп. Көңіл-күйіңізді түсірейін, бетіме ештеңе жасатпағанмын. Құдай куә және күйеуім куә. Кішкентай қыз болдым, бой жеттім, есейіп ару боп әдемілендім. Ана болып әрлендім. Өзіме қатты күтім жасаймын. Енді табиғатты пластикаға жатқызу – қате. Жалпы қазір блогер, әншілер бет-мұрын жасатып, қай жерін алып, қай жерін салып жатқанын ашық көрсетеді ғой. Неге қазіргі заманға сай болып кеткен трендтерге таңғаласыздар?», – деп жауап берді әнші.