Аяғын жарақаттап алған Роза Әлқожа қазіргі жағдайын айтты

Әнші бүгінде балдақпен жүруге мәжбүр екенін айтты.

Аяғын жарақаттап алған Роза Әлқожа қазіргі жағдайын айтты
Роза Әлқожа. Фото: instagram/roza_alqozha
1086

Танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін хабарлап, тыңдармандарын алаңдатып қойды. Өнер иесі мұзда тайғанап құлап, аяғын жарақаттап алған.

Әнші бірқатар жоспары іске аспай қалғанын жеткізді. Сондай-ақ ол өзіне қолдау білдіріп, гүл жіберіп жатқан жандарға алғысын айтты.

«Алдағы жоспардың барлығы тоқтады, бастысы жүрек тоқтамасын! Мұзға тайғанаған ештеңе емес, сөзден тайғанатпасын! Тобық пен жарылған табан жарылар, жан мен жүректі абайлайық! «Дұшпан аяққа қарайды» деуші ме еді, сынақ та аяқтан шалды, аяқ киімім тайғанақ екенін біле тұра киіп жүрген өзімді кіналадым. Жасыма сай жазылар. Тілек білдіріп, гүл жіберіп жатқандарға рахмет!

Қызымның туған күні, одан үлкен қызымның премьерасы, Сарыағаштағы концертім, тосын сый боп барам деген туған күн, той, Зәкеңнің кеші бұйырмапты! Енді көктемгі мерекеде қайта көктеген розадай жұпар шашуға жазсын! «Сынықтың көңілін сұрамайды» десе де жігерлендіруге жұмсаған күштеріңізді Алла еселеп қайтарсын! Алыстан, жақыннан қолдап жатқан бар жақыныма алғыс айтамын», - деп жазды Роза Әлқожа.

Әнші бүгінде балдақпен жүруге мәжбүр екенін айтты.

 

Серіктес жаңалықтары