Ақбота Керімбекова қатты сырқаттанып қалғанын мәлім етті

Өнер иесі жеке концерттерін кейінге қалдырды.

Ақбота Керімбекова қатты сырқаттанып қалғанын мәлім етті
Ақбота Керімбекова. Фото: YouTube/«Алғашқы» бағдарламасы
6246

Әнші Ақбота Керімбекова жақын күндері Тараз бен Меркеде өтетін концертін кейінге қалдыруға мәжбүр. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында денсаулығы сыр беріп, қатты сырқаттанып қалғанын айтты.

«Тараздық, Меркелік тыңдармандар назарына! 6-7 наурызда өтетін Тараздағы, Меркедегі концерттерімді кейінге шегеруге мәжбүрмін. Байқап тұрғандарыңыздай, қатты сырқаттанып қалдым.

«Адамның емес, Алланың дегені болады» деген рас қой. Ауырып қалғаным үшін айып етпеңіздер. Ән кеші жанды дауыста болатындықтан, алдарыңыздан өтейін дедім. Кешірім сұраймын. Жақын күндері қазақ елін аралап, сіздермен қауышатын боламын. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Дендеріңізге саулық тілеймін. Келе жатқан мереке құтты болсын», - деді Ақбота Керімбекова.

 

Серіктес жаңалықтары