Елімізде баспана бағасы арзандады

Былтырғы ақпан айымен салыстырғанда ұсыныстың орташа бағасы 1,4%-ға азайды

Елімізде баспана бағасы арзандады
Ашық дереккөз
1329

Қазақстанда қайталама нарықтағы баспана бағасы арзандап жатыр, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Пәтер бағасының ең көп төмендеуі Ақтау қаласында тіркелді: -2.4 %. 9 қалада пәтерлер қымбаттады. Бағаның ең көп өсімі Астанада: бір айда 2%-ға жуық. Алматы мен Шымкентте баспана бағасы аздап өскен. Желтоқсаннан ақпанға дейін Қазақстанда ұсыныстың орташа бағасы шаршы метр үшін 371 мың теңге болды. Желтоқсанда бұл көрсеткіш 370,9 мың теңгені құрады, қаңтар мен ақпанда төмендеп, нәтижесінде 370,6 мың теңге болды (қаңтар айында 370,7 мың теңге), - деді сарапшылар.

krisha.kz мәліметінше, ақпан айының қорытындысы бойынша ең қымбат пәтерлер Алматы (шаршы метрі үшін 724 мың теңге), Астана (485 мың теңге), Шымкент (421 мың теңге) қалаларында орналасқан.

Ең арзан пәтерлері бар қалалар: Қызылорда (шаршы метріне 238 мың теңге), Ақтөбе (290 мың теңге), Талдықорған (301 мың теңге).

Былтырғы ақпан айымен салыстырғанда ұсыныстың орташа бағасы 1,4%-ға азайды.

Серіктес жаңалықтары