Еліміздің төрт өңірінде 5 жол жабылды

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдардың қысқы күтіміне 350 техника және 395 жолшы жұмылдырылған

Еліміздің төрт өңірінде 5 жол жабылды
egemen.kz
817

ҚазАвтоЖол күннің бұзуылуына байланысты 9 наурыз түнгі 22:00 дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылғанын хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Атап айтқанда 4 облыста республикалық маңызы бар 5 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Шығыс Қазақстан облысында — жалпы ұзындығы 160 км бір автожол 

«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнары», Берел ауылы — Рахман қайнары (автокөліктің барлық түріне)

Қарағанды облысында — жалпы ұзындығы 118 км бір автожол

«Қызылорда-Павлодар» — Ұлытау облысы шекарасынан Топар ауылына дейін
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қостанай облысында — жалпы ұзындығы 83 шақырым бір автожол 

«Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін(көліктің барлық түріне)

Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 543 шақырымды құрайтын 2 автожол 

«Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау кентінен Қостанай облысы шекарасына дейін (барлық көлік түріне)

«Қызылорда-Павлодар» — Жезқазған қаласы — Қарағанды облысы шекарасы. 

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдардың қысқы күтіміне 350 техника және 395 жолшы жұмылдырылған. 

Серіктес жаңалықтары