Ораза сәресі туралы не білуіміз керек?

Сәресі деп Рамазан айында ораза ұстау ниетімен таң атпастан бұрын тамақтануды айтады.

Ораза сәресі туралы не білуіміз керек?
massaget.kz
1443

Рамазан айында ораза ұстау мұсылманның бес парызының бірі. Бұл қасиетті айда ораза ұстағандар үлкен рақымшылыққа ие болады. Оразаның әр күні сәресі ішуден басталады. Сәресі деп Рамазан айында ораза ұстау ниетімен таң атпастан бұрын тамақтануды айтады. 

Сәресіге ұйықтап қалып, күні бойы ешнәрсе ішіп-жемесе, ораза ұстаған болып санала ма?

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «ашура» күні хабарлаушы кісіге: «Кім бір нәрсе жеп қойған болса, аузын күннің соңына дейін берік етіп тамамдасын. Ал ештеңке жемеген адам, сол күйінше жемесін (ораза ұстасын)», – де жар салуын бұйырды. Демек, сәресіге ұйықтап қалған адам ұйқысынан тұрғанда нәр тартпастан, ниет етіп оразасын жалғастырады. Бастысы, таңертен еш нәрсе ішіп-жемеуі және түске дейін ниет етіп үлгеруі тиіс.

Сәресі уақыты өтіп кеткенде білместікпен ішіп-жеп қойса не болады?

Бұндай жағдайда «оразам бұзылды» деп ойлап, аузып ашып жіберуіне болмайды. Оразасын әрі қарай жалғастырады. Кейін сол күнгі оразасының қазасын өтейді.

Серіктес жаңалықтары