Атырауда алты айлық сәби сим-карта жұтып қойған

Телефон арқылы жедел жәрдем көрсеткен дәрігер-консультанттың арқасында бала аман қалды.

Атырауда алты айлық сәби сим-карта жұтып қойған
pixabay.com
869

Атыраулық дәрігерлер сим-карта жұтып қойған 6 айлық сәбиді аман алып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Анасы кенет сәбиінің жөтеле бастағанын байқаған. Дереу жедел жәрдем қызметіне хабарласқан ол баланың әлдебір нәрсе жұтып қойғанын айтқан. Жедел жәрдем қызметінің диспетчері оны дереу дәрігер-консультантпен байланыстырған.

– Телефон арқылы жедел жәрдем көрсеткен дәрігер-консультанттың арқасында бала аман қалды. Дәрігердің нақты нұсқауы бойынша сәбидің туыстары бөгде затты алып шықты, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаева.

Сосын жедел жәрдем қызметкерлері келіп, көмек көрсетті.

Серіктес жаңалықтары