Құны – 1 миллион еуро: Италияда көрмеге қойылған экспонаттар қолды болды

7 наурызда мұражай қызметкерлері көрме залдарының бос екенін анықтаған.

Құны – 1 миллион еуро: Италияда көрмеге қойылған экспонаттар қолды болды
сурет: euronews.com
765

Алтын мүсіндер мен зергерлік бұйымдар, барлығы 49 өнер туындысы Италия мұражайынан қолды болған. 

ХХ ғасырдағы италиялық абстракт мүсінші Умберто Мастрояннидің ақын Габриэль Д'Аннунционың бұрынғы резиденциясында қойылған ондаған туындысы экспозиция жабылғанға бір күн қалғанда ұрланған. 

1950-1990 жылдар аралығында жасалған алтын мүсіншелер, сақиналар, білезіктер, түйреуіштердің құны кем дегенде бір миллион еуроға бағаланады. 

Euronews дерегінше, 7 наурызда мұражай қызметкерлері көрме залдарының бос екенін анықтаған. Тергеуді карабиньерлердің мәдени мұраны қорғау жөніндегі арнайы бөлімшесі жүргізеді.

Серіктес жаңалықтары