Самат Әбіш 8 жылға сотталды

Сот отырысы жабық режимде өтті.

Самат Әбіш 8 жылға сотталды
Самат Әбіш. Фото: КазТАГ
965

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш шартты түрде 8 жыл мерзімге сотталды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы агенттікке дереккөзден хабарланды. Сот отырысы жабық режимде өтті.

Айта кетейік, Осыған дейін Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғалары» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.2024 жылдың 15 қаңтарында Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. 

Серіктес жаңалықтары