389
Ресей үкіметі допингпен күреске 1,6 миллиард рубль бөлді
Ресей үкіметі допингпен күреске 1,6 миллиард рубль бөлді
Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігінің (WADA) тәуелсіз комиссиясы 2015 жылдың 9 қарашасында Ресейдің жеңіл атлетика федерациясының әрекетері туралы тергеу нәтижесін жариялады.
Олар мәскеулік допингке қарсы зертхана, РУСАДА және спорт министрлігі бірігіп, допингті жасырудың мемлекеттік жүйесімен жұмыс істеп келгенін әшкереледі. Осы есептен соң WADA РУСАДА аккредитациясын тоқтатты.
Допинг жанжалына байланысты ресейлік жеңіл атлеттер халықаралық жарыстардың барлығынан, соның ішінде Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарынан шеттетілді. Ресей командасын Паралимпиада ойындарына да жіберген жоқ.
Жақында Ресей президенті Владимир Путин ресейлік допингке қарсы жүйенің жеңіліс тапқанын мойындады. Ол Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің мәлімдемесіне құлақ асуға шақырды. Дегенмен ол допингті мемлекеттік деңгейде қолдады дегенді жоққа шығарды.
Ресейлік допингке қарсы агенттіктің бас директоры қызметін атқарушы Анна Анцелиовичтің оставкаға кеткені белгілі болды.
7 наурызда Ресей үкіметі допингпен күреске 1,6 миллиард рубль бөлді.