Елордада «Наурыз базары» Шығыс жәрмеңкесі өтті

Еліміздің әр өңірінен келеен фермерлер азық-түлік жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам өнім алып келді

Елордада «Наурыз базары» Шығыс жәрмеңкесі өтті
725

Елордадағы ЕХРО халықаралық көрме орталығында ауқымды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Қонақтар үшін Наурыз базары жәрмеңкесі есігін айқара ашты, деп хабарлайды urkystan.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл күндері басты мерекелік іс-шаралар 21-23 наурыз аралығында-ЕХРО халықаралық көрме орталығында өтеді.

Мұнда жыл сайынғы «Наурыз базары» Шығыс жәрмеңкесі өтті, онда арнайы мерекелік бағамен азық-түліктен бастап тоқыма бұйымдарына дейінгі қазақстандық тауарлар ұсынылды.

Жәрмеңкеде қолдан жасалған бұйымдардан басқа, азық-түлікті тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сатып алуға болады. Келушілер үшін арнайы қағидат бойынша алып-сатарларсыз жаңа өнімдер қолжетімді. Ел өңірлерінен келген фермерлер азық-түлік жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам өнім, оның ішінде ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, бал және т.б. әкелді.

Қазақстан, Түркия, Иран, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да шет елдердің қолөнершілері ұлттық, тақырыптық бұйымдар мен картиналардың түрлерін ұсынды.

Қонақтар шығыс тағамдары фестиваліне қатыса алады, онда мерекелік дастарханның басты тағамы – Наурыз көже, сол сияқты ыстық палау, бауырсақтар және елорданың үздік мекемелерінен басқа да тағамдар ұсынылады.

Жастар үшін арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ және тағы басқа ұлттық ойындардан турнирлер ұйымдастырылды.

ЕХРО маңындағы іс-шаралар 22 және 23 наурыз күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.

Серіктес жаңалықтары