Шаруалар үшін дизель отыны бұрынғы бағамен сатылады

Бағасы 2023 жылдың деңгейінде – бір литріне 250 теңге болып қалды. Бұл бөлшек саудадан 15%-ға немесе 45 теңгеге төмен.

Шаруалар үшін дизель отыны бұрынғы бағамен сатылады
pixabay
764

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көктемгі егіс жұмыстарына арналған жанар-жағармайдың бағасы өзгермейтінін айтты.

Жыл басында 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілген болатын. Ал бағасы 2023 жылдың деңгейінде – бір литріне 250 теңге болып қалды. Бұл бөлшек саудадан 15%-ға немесе 45 теңгеге төмен.

Егіс науқаны кезінде дизель отынының қозғалысын бақылау мақсатында бірқатар шара қабылданды. Олар:

  • ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алу;
  • дизель отынын сары, көк және қызыл түске бояу;
  • дизель отыны үшін жеке виртуалды қойма құру.

Министрдің айтуынша, ақпан-наурыз айларында 50,1 мың тоннаның 27 мың тоннасы жөнелтілді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне 35,8 мың тонна дизель отынын қосымша жеткізуге өтінім жолданды. Іріктеу фактісінің 55%-дан аспайтынын және 2023 жылғы күзгі дала жұмыстары қалдықтарын ескере отырып, біз ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп дизель отынын тиеп-жөнелтудің оңтайлы кестесін айқындаймыз»,— деді Сәтқалиев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Серіктес жаңалықтары