566
Ғалымдар АҚТҚ инфекциясын жасушадан "алып тастайтын" технология ойлап тапқанын мәлімдеді
Бұл әдіс адам ағзасын АҚТҚ-дан толықтай арылтады деген үміт бар.
Ғалымдар АҚТҚ инфекциясын жасушадан "алып тастайтын" технология ойлап тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы BBC хабарлады.
Ғалымдардың айтуынша, олар Нобель сыйлығын алған CRISPR генді өңдеу технологиясын қолдану арқылы зақымданған жасушалардан вирусты сәтті жойған.
Бұл технология қайшы сияқты жұмыс істейді, бірақ молекулалық деңгейде: яғни жасушадағы "зиянды" түзілістерді алып тастауға немесе инактивациялауға болады.
Бұл әдіс адам ағзасын АҚТҚ-дан толықтай арылтады деген үміт бар. Дегенмен, оның қауіпсіз және тиімді екеніне көз жеткізу үшін көп жұмыс қажет.
Қолданыстағы АҚТҚ-ға қарсы дәрі-дәрмек инфекцияны тоқтата алады, бірақ оны жоя алмайды.