Бүгін Алматының таулы аймақтарында қатты жел соғады

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.

Бүгін Алматының таулы аймақтарында қатты жел соғады
Pixabay
661

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің дауылды ескертуінің негізінде 29 наурызда Алматы қаласының таулы аймақтарында қатты жел соғатынын ескертті.

«Таулы аймақтарда батыс жақтан қатты жел соғып, жел екпіні секундына 22-28 метре дейін жетеді. Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел, дауыл туралы ескерту жарияланған жағдайда, таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс», — деп ескертті құтқарушылар.

Алматы қаласы ТЖД-ның мәліметінше, егер тауда болсаңыз, мұқият болып, ауа-райының өзгеруін қадағалаған жөн.

Үйге қайтуды тәуліктің кешкі уақытына қалдырмау керек, себебі, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.

Рюкзактарда келесідей қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.

 

Серіктес жаңалықтары