Бейжіңде Қазақстанның туристік мүмкіндіктері таныстырылды

Іс-шараның негізгі мақсаты – қа­зақ­тың мәдениеті мен салт-дәстүрін бей­жіңдік тұрғындарға таныстыру.

Бейжіңде Қазақстанның туристік мүмкіндіктері таныстырылды
Фото: Кунсултан Отарбай / Kazinform
648

Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстан туризм жылының ресми ашылуына орай қазақтың ұлттық құндылықтары мен әр облыстың туристік мүмкіндіктері таныстырылды. 

Kazinform-ның мәлімдеуінше, Бейжіңде Қазақстанның әр өңірінен келген делегация мүшелері қазақтың құрты мен ірімшігін, қазы-қарта, жал-жаясын, бауырсақ пен еліміздің таза балын, тіпті, Наурыз көжесіне дейін дайындап ала барған. 
Сонымен қатар ұлттық қолөнер бұйым­­дарын да қонақтар алдына жайып салып, ұлттық музыкалық асап­тарымызбен әндерін әуелетіп, күй­­­­лерін құйқылжыта тартып, қы­тай­лық азаматтарды өнерімен таң­ғал­дырып жатыр. 
Іс-шараның негізгі мақсаты – қа­зақ­тың мәдениеті мен салт-дәстүрін бей­жіңдік тұрғындарға таныстыру. 
Айта кетейік, кеше Бейжің қала­сында Қытайдағы Қазақстан туризм жылының ресми ашылу салтанаты болды. Іс-шара аясында Бейжіңде Қа­зақстан мен Қытай өкілдерінің қа­ты­суымен бірқатар құжатқа қол қойыл­ды.
 

Серіктес жаңалықтары