Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

Ең төменге күнкөріс деңгейінің көлемі бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр.

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті
dauletten.kz
845

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, наурыз айында бұл көрсеткіш 48 692 теңге болған. Мамандардың есебінше, қазақстандықтар азық-түлікке – 26 781 теңге, ал басқа да тауарлар мен ақылы қызметтерге – 21 911 теңге жұмсауы керек. Теория жүзінде бұл ақшаға бір айға жететін азық-түлік себетіне кіретін өнімдерді сатып алуға болады.

Qazaqstan арнасының дерегінше, ең төменге күнкөріс деңгейінің көлемі бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Бұл өңірде ол – 59 404 теңгеге жеткен. Ал, ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркеліп, 43 611 теңгені көрсетіп отыр. Ал минималды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін Астанада – 53 173 теңге, Алматыда – 51 615 теңге, Шымкентте 48 545 теңге керек. 

Серіктес жаңалықтары