БҚО-да салқын судан ауру жұқтыру мүмкіндігі жөнінде жалған ақпарат тарады

Орал қаласында су тазарту құрылымдары кешені қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр

БҚО-да салқын судан ауру жұқтыру мүмкіндігі жөнінде жалған ақпарат тарады
Атырау облыстық әкімдігі
949

Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік желілерде салқын судан ауру жұқтыру мүмкіндігі жөнінде жалған ақпарат тарады, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

«Батыс су арнасы» ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал қаласында су тазарту құрылымдары кешені қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Су сапасын зерханалық зерттеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Салқын суды тазалау және зарарсыздандыру үшін қажетті химиялық реагенттердің үш айлық қоры жасақталған. Сонымен қатар біздің зертхананың жұмысына санитариялық-эпидемиологиялық станса бақылау жасайды. Салқын суды беру нашарлаған немесе тоқтатылған жағдайда қосымша хабарланады. Орал қаласы тұрғындарынан жалған ақпаратты таратпай, дүрбелеңге салынбай, тек ресми хабарламаларға зер салуын сұраймыз. Күрделі су тасқыны жағдайын ескере отырып, шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін қажетті су қорын жасап алу ұсынылады, - деп хабарлады ведомстводан. 

Серіктес жаңалықтары