Су басқан өңірлердегі 15 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді

Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарына мемлекеттік материалдық резервтен 51 арнайы техника тартылып, тұрғындар төсек-орын жабдықтарымен қамтылды

Су басқан өңірлердегі 15 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді
Ашық дереккөз
809

Мемлекеттік материалдық резервтен су басқан өңірлердегі 15 мыңнан астам адамға 1 млрд 474 млн теңгеге көмек көрсетілді, деп жазады turkystan.kz.

Бұл туралы мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары Руслан Ормағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарына мемлекеттік материалдық резервтен 51 арнайы техника тартылып, тұрғындар төсек-орын жабдықтарымен қамтылды.

Серіктес жаңалықтары