Су тасқыны: Түркі елдері Қазақстан халқына қаржылай көмек көрсетеді
Бұл туралы Қазақстан халқы мен билігіне арнайы үндеу жолдаған Ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев мәлім етті.
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы Қазақстан халқы мен билігіне арнайы үндеу жолдаған Ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев мәлім етті.
Сұлтан Раевтың мәлімдемесі ұйымның ресми сайтында жарияланған.
Құрметті бір туғандарым, құрметті бауырластарым! Бүгінде Қазақстан басынан қиын- қыстау күндер өткеріп жатыр. Қазақстанның солтүстік облыстарының біраз жерін су басып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне ауыртпалық әкелді. Қазақстан экономикасы үлкен салмақ түсті. Осындай жағдайда халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы сіздермен бірге екенін білдірміз келеді. Қайғыларыңызды бірге көтеруге әрқашан дайын екенімізді хабарлаймыз. ТҮРКСОЙ ұйымы атынан, сондай-ақ ұйымға мүше 14 мемлекеттің атынан Сіздерге күш-қуат және сабырлық тілейміз. Жақсы күндер әлі алда, - деді Раев.
Айта кетейік, Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы 1993 жылы құрылған. Оған алты мемлекет мүше.